
Ахмеджанов Данияр Даулетбекович
Бас дәрігер

Қазіргі уақытта облыста қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі.
2023 жылғы 07 қараша сағат 09.00-ге облыс бойынша қызылша диагнозы расталған 1516 жағдай тіркелді (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 124,6).
Расталған ішінен 298-і – қызылша пневмониясымен асқынған ауыр деңгейінде жағдай (19,6%). Өлім жағдайы тіркелмеген.
2023 жылдың 07 қарашада 261 науқас стационарлық ем қабылдауда (оның ішінде 2 жүкті әйелдер – жағдайлары орташа деңгейінде), оның ішінде 155-і – облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында (оның ішінде 1 жүкті әйел).